Қазақстанға келген босқындар госпитальде жатыр

358
Әлеуметтік желілерде Петропавлда Ресейден келген адамдарды COVID-19 жұқтырғандарға арналған госпитальге орналастырып жатқандығы туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Stopfake мәліметінше, бұл шындыққа жанаспайды.  Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі де бұл ақпаратты жоққа шығарды.


“Бұл фейк”, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де бұл хабарлама жалған деп мәлімдеді.

“Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл мәселе СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бақылауында”, – делінген министрліктің хабарламасында.

Баршаңызды әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі арандатушылық хабарламаларға сенбеуге шақырамыз.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.