Қызылордада салық төлемдерін төлеуден жалтарған кәсіпкерге үкім шықты

1 553

Фото: Алматы әкімдігіҚызылордада мемлекет бюджетіне төленуі тиіс салық және өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтарған кәсіпкер Юн Олегке қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінен мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Кәсіпкер декларацияға кіріс-шығысы туралы бұрмаланған дерек енгізіп, мемлекетке 326 млн 369 мың теңгеге жуық залал келтірген.

- Апелляциялық сот үкімімен Юн Олег Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 245-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 4 жылға бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ мемлекетке келтірілген залалды өндіру міндеттелді. Азаматтық талапты қамтамасыз ету мақсатында құны 22 млн 440 мың теңге тұратын «LEXUS LX 570» автокөлігі және жалпы құны 49 млн 270 мың теңгеге жуық 13 арнайы техникаға тыйым салу шаралары сақталды, - делінген хабарламада. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.