Қазақстандықтар млн доллар табыс табу үшін қанша жыл еңбектенуі керек

351
Сарапшылар миллион доллар табу үшін әр елдің тұрғындары қанша жыл жұмыс істеу керек екенін есептеп берді. Тиісті деректер picodi.com сайтында жарияланды.

Бұл ретте әлемнің әртүрлі елдеріндегі орташа жалақы есепке алынған.

Орташа жалақы тұрғысынан есептегенде, бір миллион доллар табуға кететін жылдар саны бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 102 орынның ішінен 87-орынды иеленді.

Миллион доллар табу үшін отандастарымызға 245 жыл және 11 ай қажет.

Бұл тізімде көршілес Өзбекстан 96-орында (318 жыл және 4 ай), Ресей 70-орында (191 жыл және 9 ай), Армения 79-орында (215 жыл және 4 ай), Грузия 83-орында (230 жыл және 2 ай), Әзербайжан 89-орында (257 жыл және 1 ай) тұр.

Ал Пәкістан, Нигерия және Уганда тұрғындарына миллион доллар табу үшін 400 жылдан астам уақыт еңбектену керек.

Сарапшылар ең қысқа мерзімде бір миллион долларға қол жеткізе алатын ел тұрғындарын да атады. Көшбасында Швейцария (13 жыл және 4 ай), Австралия (20 жыл және 1 ай) және Сингапур (20 жыл және 2 ай) тұр. Үздік бестікті Люксембург (20 жыл және 4 ай) пен АҚШ (23 жыл және 1 ай) қорытындылады.