ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

329

Фото: Қызылорда қалалық әкімдігіБүгін шаһар басшысы Асылбек Шаменов «Сырдария», «Универсам», «Шұғыла» шағын аудандарының тұрғындарымен кездесіп, көпшіліктің толғандырған мәселелерін тыңдады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Қаламыз күн сайын көркейіп, дамып келе жатса да, бұл аймақтарда қоныстанған көпқабатты үйдің тұрғындарын мазалайтын мәселелер әлі де бар. Көбі инфрақұрылым мен шағын ауданның бүгінгі келбетіне қатысты. Үйлерді қайта жаңғыртудан өткізу, ауладағы бақылау камераларын көбірек орнату, жарықшамдарды жөндеу, аяқ-судың жеткізілуі, аулаішілік жолдарды жөндеу туралы бірқатар сұрақтарды тыңдаған қала әкімі жергілікті тұрғындарды алаңдатқан мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталып, түйінін шешуге күш салатынын жеткізді. 


Кездесу соңында шаһар басшысы Асылбек Шаменов көтерілген мәселелерді шешу үшін тиісті мекемелерге тапсырма беріп, барлығын өз бақылауына алатынын, сондай-ақ, ел игілігі үшін жасалған және алда жасалатын жұмыстарға тұрғындар тарапынан да жанашырлық болуы қажеттігін атап өтті.


Алдағы уақытта қала әкімі қаланың өзге де шағын аудандарының тұрғындарымен кездесуін жалғастырады.



Айта кетсек, қала әкімі бұған дейін қалаға қарасты ауыл аймақтардың тұрғындарымен кездескен болатын.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.