Жол апатынан зардап шеккендердің құқықтары күшейеді: Мәжіліс жаңа заң жобасын қарауға алды
Мәжіліс жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендердің құқықтарын қорғауға бағытталған заң жобасын қарауға қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Заң жобасы “Көлік құралдары иелерінің, сондай-ақ жолаушылар алдындағы тасымалдаушылардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру” мәселелеріне қатысты бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
Мәжіліс депутаты Татьяна Савельеваның айтуынша, бұл бастаманы депутаттар өздері ұсынған және құжаттың мақсаты – азаматтардың құқықтары мен мүдделерін заң жүзінде қорғауды күшейту.
Оның сөзінше, заң жобасы Үкіметтің оң қорытындысын алған.
Жаңа нормалар қабылданса, жол апатынан зардап шеккен азаматтар мен олардың отбасыларына өтемақы алу және өз құқықтарын қорғау әлдеқайда жеңілдей түседі. Сонымен қатар, сақтандыру саласындағы ашықтық пен жауапкершілік деңгейі артады деп күтілуде.