«Жетіашар» ЖШС жалған шот-фактура жазумен айналысқан

516
Қаржылық Мониторингтік Агенттік Қызылорда облысы бойынша департаменті бірнеше заңды тұлғалармен заңсыз мәмілелер жасап, нақты орындалмаған жұмыстар үшін 2018-2021 жылдар аралығында жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан «Жетіашар» ЖШС-нің әрекетін әшкереледі, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Жалған шот-фактура деп қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмаған төлеушi, сол сияқты жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетудi, тауарлар жөнелтудi іс жүзінде жүргiзбеген тұлға жазған және қосылған құн салығы сомасын қамтитын шот-фактура танылады.

Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 80-бабы бойынша салық төлеушiнiң жалған шот-фактура жазып беруi – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – шот-фактураға енгiзiлген қосылған құн салығы сомасының – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.Бірнеше кәсіпкерлік нысандарының, салықтан жалтару мақсатында, әртүрлі тауарларға есеп айырысқаны жөнінде қосымша құн салығы көрсетілген жалған шот-фактураларының айналым сомасы 370 млн. теңгеге жеткен. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті төленбеген салық түрінде барлығы 118 млн. теңге көлемінде мемлекетке залал келтірілгенін көрсетті.



Сот үкімімен, серіктестік басшысы Избасар Айбек кінәлі деп танылып,  6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.