«Тамағына отверка тыққан»: Жалғызбасты ананы талып жатқанда зорлаған жігіт сотталды
Ақтөбеде 46 жастағы әйелді зорлап, аяусыз соққыға жыққан ер адам 6 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Сотта ер адамның жәбірленушіні тұншықтырып, тамағына бұрағыш тақап қорқытқаны айтылды. Бұған қоса, сотталушының бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
Сот оны Қылмыстық кодекстің 120-1-бабы («Зорлау») және 107-1-бабы («Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру») бойынша кінәлі деп таныды.
Қазір жалғызбасты ана отаға дайындалып жатыр.
Қаз
Рус






