Қазақстандық әуекомпаниялар бірқатар елге әуе рейстерін тоқтатты

1 650

Фото: t.me/airastanaҚауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында Қазақстандық әуекомпаниялар Дубай мен Доха бағыттарындағы кейбір рейстерді уақытша тоқтатты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Көлік министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 24 маусым күнгі жағдай бойынша Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуалдың күрт шиеленісуіне байланысты бірқатар елде ресми түрде шектеулер енгізіліп, азаматтық авиацияға арналған әуе кеңістіктері жабылды.

"Мәжбүрлі шаралар қаруды қолдану қаупі, навигациялық жүйелердің дұрыс жұмыс істемеуі, әуе қорғанысы жүйелерінің белсенділігі және азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін жоғары тәуекелдерге байланысты қабылданды", – делінген министрлік хабарламасында.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.