Бір тал темекі 800 мың теңге шығын әкелді

1 500

Фото: Zakon.kzҚоқыс жәшігіне тасталған темекі тұқылы Ақтөбе тұрғынының қалтасын қақты. Әйелдің аңдаусыз әрекетінің салдарынан тұрғындар аумағында алапат өрт шықты, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы 2026 жылғы 23 қыркүйекте Ақөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Жергілікті биліктің мәліметінше, өрт 11-шағын аудандағы қоқыс контейнерлері орналасқан алаңда болған.

Бақылау камераларына түсірілген видео әлеуметтік желілерде тез тарады. Кадрлардан жергілікті тұрғынның сөндірілмеген темекісін қоқыс жәшігіне тастағаны анық көрінеді. Осыдан кейін қоқыс бірден жана бастаған.

Өрт салдарынан 12 қоқыс контейнерінің 9-ы толық жанып, жарамсыз болып қалған.

"Бір контейнердің құны шамамен 87 мың теңге. Контейнер алаңын қалпына келтіруге шамамен 800 мың теңге қажет", – деді әкімдік өкілдері.

Өртке себеп болған әйелдің кім екені көп ұзамай анықталды. Онымен Ақтөбе қаласы Астана ауданының әкімі Баянбек Қырықбаев жеке кездесіп, оның әрекетінің салдарын түсіндірді.

Әйел өз кінәсін толық мойындап, көршілерінен кешірім сұрады және келтірілген шығынды толық өтеуге уәде берді.

Жаңа контейнерлердің сатып алынуын күтпестен, әкімдік санитарлық жағдайды болдырмау үшін алаңды өз күшімен жедел ретке келтірді.

Жергілікті әкімдік тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырып, бір ғана тасталған темекі тұқылының жүздеген мың теңге шығынға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.