ҚЫЗЫЛОРДАДА ОҚУШЫ МЕКТЕП ІШІНДЕ ГАЗ БАЛЛОНЫН ШАШҚАН
Қызылордада мектепте төтенше жағдай орын алды. Мектеп оқушысы газ баллонын шашып, зардап шеккендер саны 25-ке жуық, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Қызылордадағы мектепте орын алған газ баллонын шашу оқиғасы білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік мәселесін қайтадан назарға қойып отыр. Оқушылардың қауіпсіздігіне төнген қатер ата-аналар мен қоғамда алаңдаушылық тудырды.
Кеше Қызылорда қаласының Білім бөліміне қарасты №9 мектеп-гимназиясында оқыс жағдай орын алды. Облыстық балалар ауруханасына 25-ке жуық бала газ баллонынан уланды деген алдын-ала болжаммен жеткізілген. Балалардың жағдайы ауыр және орташа дәрежелі дейді дәрігерлер.
Ең сорақысы аталмыш оқиғаны Полиция басқармасы әлеуметтік желіге жарияланған ақпараттан хабардар болғаны қалай? Қызылорда қаласының әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының нәтижелі жұмысы жоқ. Себебі арасына 10 күн салып, бір емес екі бірдей мектепте оқыс оқиға орын алып отыр. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo/about/structure/people/36749?lang=kk
Естеріңізге сала кетсек, бұл оқиғаға дейін 23 қыркүйекте де осыған ұқсас жағдай орын алған, №253 мектеп оқушысы бұрыш спрейін шашып, бірнеше оқушы зардап шеккен еді. Оқиғаның салдары ретінде мектеп әкімшілігіне қатаң шаралар қолданылып, кейбір жауапты қызметкерлер жұмыстан босатылды. Ал бүгінде орын алған жағдайда Мектеп полицейлерінің басшысы полиция подполковнигі Ләззат Ахметова мен қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың жұмысының жүйелі емес екендігін аңғаруға болады.
Себебі мектептерде қауіпсіздік ережелері күшейтілмеген, тиісті бақылау шаралары жүргізілмегені тайға таңба басқандай. Ал, кез-келген төтенше жағдайда тікелей білім бөлімінің басшысынан сұралып, мектеп басшылығының кейбір мүшелері қызметінен босатылып, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданумен ғана шекетеледі. Бұл оқиға мектеп әкімшілігінің бақылау функцияларының әлсіздігін және тәртіп бұзушы оқушылармен күресудің тиімді жолдарының жоқтығын көрсетеді.
Оқушылар мен ұстаздардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген бұл оқиғаға қатысты жергілікті кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия құрылды, бірақ туындаған мәселенің мән-жайын толық ашу мен алдын алу шараларын ұйымдастыруда айтарлықтай олқылықтар бар.
Осыдан 10 күн бұрын мектеп қабырғасында болған оқиғада оқушы бұрыш баллонын сеуіп, оның салдарынан бірнеше оқушы мен мұғалім денсаулығына зиян келтірілген. Мұндай әрекеттер, әсіресе, балалар мен мұғалімдер қауіпсіздігі тұрғысынан өте ауыр мәселе болып табылады. Ал бұл жағдайды қадағалау керек болған мекемелер – мектеп әкімшілігі, білім басқармасы және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия — осы қауіптің алдын алуға мүмкіндік бар кезде әрекетсіз қалғаны таңғалдырады.
Неге алдын ала шаралар қолданылмады? Қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін тәрбие жұмыстары мен қадағалау маңызды рөл атқарады. Бірақ осы оқиғадан кейін ата-аналар мен қоғам арасында "Неге алдын алу жұмыстары дер кезінде жүргізілмеді?" деген орынды сұрақтар туындауда. Жергілікті білім басқармасы мен мектеп директорлары үшін бұл жағдай үлкен сабақ болуы керек еді, алайда, бұл оқиғадан сабақ алынғаны байқалмайды.