Атыраулық жігіт 3 млн теңге айыппұлы бар көлікті сатып алған

274

Атыраулық 24 жастағы жігіт 3 млн теңгеге жуық 106 айыппұлы бар көлік сатып алған. Жол талғамайтын көлік Грузия елінде тіркелген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агеттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


6 маусымда жол сақшыларының назарына Грузияда тіркелген Toyota Highlander автокөлігі түседі. Базадаға мәліметке сәйкес, оның 2 млн 937 мың 417 теңге төленбеген 106 айыппұлы бар. Көлікті тоқтатып, бірден айыптұрағына қояды.


Көлігімнің айыппұлы бар екенін білмеппін. 2-3 күн бұрын ғана сатып алдым,— дейді жүргізуші.

Сондай-ақ, автокөліктің сақтандыру полисі болмай шықты. Тиісті хаттамалар толтырылды.

Тұрғындардан көлік сатып алу кезінде автокөлікті тексеру қажеттілігін және құжаттардың дұрыстығын қадағалауды ескертеміз,— дейді облыстық ПД ресми өкілі Мейірім Ердәулет.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.