ШҚО-да мұғалім 22 миллион теңгеге мектеп сатып алды

339
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылының мұғалімі 22 миллион теңгеге мектеп сатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аукционға қатысқан мұғалім ғимаратты бұзбайды, керісінше оны қалпына келтіруге ниетті.

Мектеп ғимараты 1970 жылы кірпіштен салынған. 2011 жылы ол пайдалануға жарамсыз деп танылып, биыл қаңтарда бар болғаны 187 000 теңгеге сатылымға шығарылған екен.

Аукцион нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес, жалпы ауданы 3489,6 шаршы метр болатын, екі қабатты мектеп ғимаратын "Тарбағатай ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ сатылымға қойған. Аукционға төрт сатып алушы қатысқан. 

Ғимараттың жаңа иесімен байланысу мүмкін болмады, бірақ жағдайға электрон аукцион нәтижелерінің хаттамасында көрсетілген телефон арқылы пікір алынды.

"Сатып алушы - Жетіарал ауылындағы жергілікті орта мектептің мұғалімі. Ғимаратты ешкім бұзбайды, керісінше, оның бір бөлігінде спорт алаңы ашылады", - деп пікір білдірді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.