Тоқаев Қазақстанды «Штрафстан» деп атайтындарға жауап берді
1 527
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды «Штрафстан» деп әжуалайтын азаматтарға жауап берді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, заң мен тәртіпке құрметпен қарау дегеніміз – жазадан қорқу емес, бұл – ең алдымен жауапкершілік сезімі жоғары азаматтарға тән айрықша болмыс.
«Осы маңызды дүниені дұрыс түсінген жөн. Қазіргі бұлыңғыр, әскери қақтығысқа толы заманда елімізге татулық пен тұрақтылық ауадай қажет. Онсыз ешқандай реформа, жалпы оң өзгеріс болмайды, сондықтан құқық қорғау мекемелері заң бұзушылықтарға қатаң шаралар мен жазаларды қолдануы керек.
Кейбір елімізді жақтырмайтын, менсінбейтін кісілер, өкінішке қарай, солардың ішінде Парламент депутаттары бар, құқықтық әрекеттерімізді «Штрафстан», «Айыппұлстан» деп атайды екен. Мейлі, өз ойларының келтелігін көрсете берсін», – дейді ол.

Ол халқымызға қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік керек екенін айтты.
«Біз осы жолдан таймаймыз, батыл түрде «Заң мен тәртіп» саясатын жүргіземіз, себебі бұл – халқымыздың талабы, халқымыздың сұранысы. Бүкіл қоғам да, әкімдер де бұл мәселеге баса назар аударуы керек», – дейді президент.