Қызылордалық ғалымдар қауынның жаңа сорттарын шығарады

1 501

Фото: Облыс әкімдігіҚорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары Ташкент қаласында өткен «Көкөніс бақша дақылдары мен картопты іріктеу, тұқым шаруашылығында және өнім өндіруде ресурстарды үнемдейтін және қарқынды технологияларды қолданудың ғылыми негіздері мен перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-конференциясына қатысып, университет пен «Өзбек көкөніс, бақша және картоп шаруашылығы» ғылыми зерттеу институтымен екіжақты меморандум аясында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Конференция барысында университеттің Ботаникалық бағы мен жылыжай меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Самалбек Қосанов баяндама жасап, ғалымдар Қазақстанның қауын шаруашылығын дамыту мақсатында Әмудария мен Сырдария өзендерінің аралығындағы өсірілетін қауын сорттарының құрамына талдау жасағанын атап өтті. Сондай-ақ осы саладағы проблемалар мен климаттық өзгерістер, қауынды қайта өңдеу барысында сорттық ерекшеліктеріне мән беру, ғалымдар мен диқандар арасындағы байланысты күшейту жөніндегі ойларын ортаға салып, ұсыныстарды жеткізді.


Қызылордалық ғалымдар өздері дайындаған бес түрлі қауын сортын сынақтан өткізуге өзбек ғалымдарына беріп, олардың ерте, орташа, кеш пісетін қауын сорттарын Қызылорда облысында тәжірибеден өткізбек. Мұнан бөлек, Сыр ғалымы үлкен ғылыми ізденістен соң бәсекеге қабілетті, тасымалдауға төзімді, сақтауға жарамды және тәтті қауынның жаңа сорттарын шығаратынын айтты.


Қазақстандық ғалымдардың ғылыми жұмыстарын «Өзбек көкөніс, бақша және картоп шаруашылығы» ғылыми зерттеу институтының бас директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Рустам Низомов жоғары бағалап, ұсыныстарын қабылдады.


Тамыз айында Өзбекстандық ғалымдар Қызылорда облысына келіп, қауын шаруашылығымен танысады деп күтілуде.

Қауынның хош иісі мен тәттілігінен бөлек денсаулыққа көптеген пайдасы бар. Ол құрамындағы дәрумендердің және құнарлы заттардың көптігімен пайдалы.


Қауынның денсаулыққа пайдасы

Қауын жасұныққа бай. Сондықтан ішектің жұмысын жақсартады,

Қауынның құрамында фолат, К дәрумені және магний бар. Олар сүйектің саулығы үшін аса маңызды.

Қауынның құрамында калий көп болғандықтан, ол қан қысымын төмендетеді. 

Қауын су және электролиттерге бай. Өз кезегінде олар организмдегі сұйықтықтың теңгерімі үшін пайдалы.

Қауында коллагеннің бөлінуіне әсер ететін және теріңізді күн сәулесінен қорғайтын С дәрумені бар. сонымен қатар аскорбин қышқылы иммунитетті нығайтады.

Қауында лютеин және зеаксантин аталатын антиоксиданттар бар. Олар көздің саулығын сақтап, көздің көруін жақсартады. 


Қауынның құрамында темір, калий, кальций, магний, В, С, және А топтарының дәрумендері көп. Солардың әсерінен қауын ісіктердің пайда болуының алдын алып, жүрек-қан тамырлар жүйесі аурулары мен диабеттің алдын алатын құрал болып табылады. Сонымен қатар қандағы холестерин мөлшерін төмендетіп, атеросклероздың дамуының алдын алып, орталық жүйке жүйесін тыныштандырады.


Қауынның денсаулыққа зияны

Бала емізетін әйелдерге қауын жеуге болмайды. Себебі сәбидің ас қорытыуын бұзуы мүмкін. Сонымен қатар қант диабеті, асқазан және аш ішек жарасынан зардап шегетіндерге де қауын зиян. Сондай-ақ, ішек бұзылуында да қауынды көп жемеген абзал.

Егер бүйрегіңіз бен өт қабының саулығына диагностикалық тұрғыдан көз жеткізбесеңіз, аталған ағзаларыңызда құм немесе тастың бар-жоғын білмеуіңіз мүмкін. Мұндай жағдайда қауынды көп жеу кері әсер етіп, отаға жеткізуі мүмкін. 

Қауынның құрамында жасұнықтың көптігіне байланысты, ол ауыр өнім болып табылады. Егер қауынды ішімдікпен араластырса, іш өтетінін анық. Сондықтан қауын жеген кезде суық су, әсіресе, қышқыл сүт, айран ішуге және йогурт жеуге болмайды. 


Қауынның құнарлылығы және қалай дұрыс жеу керек

100 грамм қауында 34 килокалория бар. Қауынды негізгі астардың арасында, яғни астан екі сағат бұрын және екі сағат кейін жеген жөн. Керісінше жағдайда, асқазанда ауырлық сезімі пайда болады. Сонымен қатар бір күнде 300 граммнан артық қауын жемеген жөн.


Тәтті әрі піскен қауынды қалай таңдау керек

Қауынның түсі өз сұрпына сай болуы керек. Егер сыртында жасыл тұстары болса, піспегенін аңғартады. Ал қауынның кейбір сұрыптарында өзіне тән жасыл жолақтары болады.

Қауынның сыртын жақсылап қараңыз: ол бүтін, қара дақтарсыз, сызатсыз болуы керек. Сонымен қатар жарылған жерлері болмауы тиіс. Қауында бактериялар тез көбейеді. Сондықтан үнемдеу үшін бөлінгені қауынды алудың қажеті жоқ.

Қауынның қабығын басып көріңіз. Ол қаттылау болуы керек. Бірақ тым жұмсақ немесе тым қатты болса, басқасын таңдағаныңыз дұрыс. Қауын піскен кезде оның қабығының жасушаларына қаттылық беретін протопектин пектинге айналып, қауынның мәйегін жұмсартады.


Қарбыз таңдағандағы сияқты, қауынның да сыртын алақанмен ұрып көру керек. Егер қатаң дыбыс шықса, піскенін аңғартады. 
Қауын қаншалықты жақсы піссе, оның құрамында хош иіс беретін заттар да соншалықты көп болады. Сондықтан әбден піскен қауынның иісі мұрын жарады. Одан ананас, ваниль және алмұрттың аралас иісі шығады.


Жолдың бойында сатылатын  немесе жерде жатқан қауындарды сатып алмағаныңыз дұрыс. Себебі қауынның сырты жұқа әрі нәзік болатындықтан, токсиндер, ауыр металлдар және басқа да улы заттарды жылдам сіңіріп алады. 

Қауын – ыстыққа төзімді, жарықсүйгіш, шөлге шыдамды, біржылдық өсімдік. Қауынның құрамында: қант, А, Р, С дәрумендері, аскорбин қышқылдары, темірдің минералды тұздары, калий, натрий және фруктоза, сахароза, глюкоза көміртектері бар. Қауын тек дәмі тіл үйіретін жеміс қана емес, оның адам денсаулығына пайдалы тұстары да өте көп.


Қауын халық медицинасында белгілі бір мағынаға ие: қауын құрамында қанттың мөлшері көп. Ол жаздың аптапты ыстық күндері шөлді жақсы басады.Сонымен қатар, оны үздіксіз пайдалансаңыз, асқазанға пайдасы зор. Беттегі безеуді, секпілдерді кетіруге көмектеседі. Оның құрамында фолий қышқылы болатындықтан, қан аздық ауруларында кеңінен қолданады.

Қауынның дәнін туберкулез, бронхит, ревматизм ауруларына және жүрек-қан тамыр ауруларында, бүйрек пен бауырдың дерттерінде қолданған. Ежелден-ақ қауын шырынын ішек құрттарына қарсы ем ретінде, тамақ аурулары мен созылмалы жөтелге қарсы пайдаланған.

1. Қауын – төмен калориялы жеміс түрі. Оның 100 грамында небары 33 калория болады. Сондықтан оны артық салмақтан арылғысы келетіндерге жеуге кеңес береміз.

2. Сонымен қатар ішіңізді жүргізуге де әсер етеді. Егер ішекті зиянды заттардан, қоқыстардан тазалағыңыз келсе, қауын жеңіз.

3. Кімнің бауыры және қуығы ауырса, сол адамдарға қауын өте пайдалы.

4. Бүйректен тас пен құм шығарады.

5. Қандағы гемоглабин мөлшерін көбейтеді.

6. Ағзаңызды әртүрлі аурудан құтқарып, иммунитетіңізді қатайтады.

7. Жүрек-қан тамыр ауруларының да алдын алады.

8. Жүйке жүйесін тыныштандырады.

9. Жазда шөлге жақсы.