Мәжіліс депутаттары Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен

1 526

Фото: Жалағаш ауданыҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Адам-мемлекеттің негізгі капиталы десек, сол баға жетпес қазынаны қызғыштай қорғап жүрген Мырзабай ахун ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның ұжымымен халық қалаулылары кездесті. Кездесу барысында халыққа сапалы қызмет көрсету және ұжымдық жұмыс барысындағы қызметтер талқыланды.


Ұлт саулығы жолындағы мемлекет жүктеген межелі міндеттерді мінсіз атқарып жүрген ұжым жаңа нысанда ауыл тұрғындарын кедергісіз қабылдауда. Мырзабай ахун ауылындағы дәрігерлік амбулатория халықтың көптен көтеріп жүрген негізгі шешімі болды.


Өздеріңіз білетіндей 2023 жылы Ұлттық жоба асынды Республикалық бюджеттен 752,8 млн. теңге бөлініп, Мырзабай ахун және Аламесек ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар ел игілігіне пайдалануға берілді.


2024 жылы бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, Қаракеткен ауылдық округі мен Далдабай елді мекенінің халқы үшін маңызға ие дәрігерлік амбулатория құрылысы республикалық және облыстық бюджеттен қолдау тапты.


Ауылдың бүгінгі тынысына куә болғар Мәжіліс депутаттары Жалағаш кенті орталығынан облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен салынып жатқан руханият орталығының құрылысымен танысты.


Жаңа нысан халыққа қолайлы қызмет көрсетумен қатар, Жалағаш кенті орталығындағы тұрғындар үшін жайлы демалыс орнына айналатын болады.


Халық қалаулыларының іс-сапары барысында Жалағаш ауданында атқарылып жатқан ауқымды бастамаларға оң бағасын берді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.