Қазақстандықтар алты айға дейін ақылы демалыс ала алады

1 511

Фото:©Сурет нейрожелі көмегімен жасалғанҚазақстанда жалақысы мен жұмыс орны сақталатын ұзақ мерзімді демалысқа шығудың тағы бір мүмкіндігі пайда болуы мүмкін, еңбек кодексіне осындай түзетулер енгізу ұсынылып отыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі kaz.tengrinews.kz cайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта оқу демалысы, әдетте, оқуға байланысты шараларға - емтихандарға, диплом дайындауға немесе зертханалық жұмыстарды орындауға беріледі. Енді заңда оны мына жағдайларда алуға болатынын бөлек көрсету ұйғарылды:

-әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламаларынан өту;

-диссертация жазу және қорғау;

-ғылыми зерттеулер жүргізу;

-басқа да ғылыми жұмыстар.

Бұл ретте мерзім бойынша шектеу енгізіледі – оқу демалысы ең көбі алты айға дейін берілуі мүмкін.

"Халықаралық "Болашақ" стипендиясы аясында шетелде білім алу, тағылымдамадан өту жағдайларын қоспағанда. Тараптардың келісімі бойынша оқу демалысы бөліп берілуі мүмкін", – делінген құжатта.

Басты өзгеріс – оқу демалысы кезінде қызметкердің жұмыс орны, лауазымы және орташа жалақысы сақталуы тиіс. Бұған дейін мұндай кепілдіктер заңда тікелей бекітілмеген және көбінесе жұмыс берушінің шешіміне немесе ішкі шарттың талаптарына байланысты болатын.

"Болашақ" бағдарламасына қатысушылар үшін бөлек ереже қарастырылған: олардың жұмыс орны сақталады, алайда шетелде оқу немесе тағылымдамадан өту кезеңінде жалақы төлеу мәселесі жұмыс берушінің қарауында қалады.

"Іс жүзінде жұмыс пен ғылыми зерттеулер арасындағы тепе-теңдікті сақтау, әсіресе қарқынды академиялық қызмет кезеңдерінде өте қиын болуы мүмкін", – делінген құжатқа берілген түзетулер негіздемесінде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.