Оқушы қызды пышақтап, мәйітін арыққа тастағандар сотталды

1 876

Фото: НАБУТүркістан облысында денесі арықтан табылған оқушы қыздың өліміне қатысты сот үкім шығарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


9-сынып оқушысын бір мектепте оқитын 11-сынып оқушысы мен 19 жастағы ауылдасы бопсалап, ақша сұраған.


"Бір миллион теңге бермесең, жалаңаш фотоңды желіге жариялаймыз" деп қорқытқан. Ал, кейіннен қызды пышақтап, денесін суға ағызып жіберген.


Аружан Орынбайдың денесі былтыр сәуір айында арықтан табылды.


Күдіктінің бірі қызды үйінен шақырса, екіншісі оны өлтірді деп жауапқа тартылды. Олардың бірі үш жылға, екіншісі 16 жылға сотталды.


Алқабилердің шешімімен негізгі сотталушыға шыққан сот үкімі өзгеріссіз қалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 132-бабының 4-бөлігімен, 194-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен, 99-бабының 2-бөлігінің 10, 14-тармақтарымен кінәлі деп танылған оған түпкілікті 16 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады.


Ал, екінші сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол да жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.