Пәкістандық әйел ұл туу үшін өз басына шеге қақты

330
Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында жүкті әйел емшінің нұсқауымен ұлын дүниеге әкелу үшін өз басына шеге қаққан,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәбірленушінің үш қызы бар. Бұған дейін күйеуі ұл тумасаң, ажырасып кетем деп қорқытқан.

Сондықтан емшіге қаралуды ұйғарған. Емші оған сәттілік тұмарын, оқуға мәтіндер және шеге берген. Аңғал әйел емшінің сөзіне сеніп, өз басына өзі шеге қағып көрген. Басы ауырып, қан аққан соң дәрігерлерге жүгінген.

Dawn басылымының хабарлауынша, қазір жергілікті полиция күдіктіні іздестіріп жатыр. Тәртіп сақшылары оқиға туралы басына шеге кіріп кеткен әйелдің рентген-суреті интернетте таралғаннан кейін ғана білген.

Жәбірленуші қансырағандықтан ауруханаға жеткізілді. Әйел дәрігерлерге өз досының УЗИ-ге қаралғанда іштегі нәрестенің қыз екенін, бірақ емшінің осындай әрекетінен соң ұл туғанын айтып берген.

Оқиғаға қатысы бар емшіні ұстау үшін полиция арнайы топ құрды. Тәртіп сақшылары күнәсіз әйелдің өмірімен ойнаған емшіні жауапқа тартпақ. Сондай-ақ олар емдеуші дәрігердің бұл жағдайды құзырлы органдарға неге хабарламағанын анықтайтын болады.