Мектептерде қыздарға ұзын әрі кең көйлек киюіне тыйым салынбақ

686

Францияның мемлекеттік мектептерінде жаңа оқу жылында қыздардың жаулық тағуына ғана емес, сонымен қатар, мұсылманша абайа, яғни, ұзын әрі кең көйлек киюіне тыйым салынады, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі qazaqstan.tv телеарнасына сілтеме жасап.


Мұны осы елдің білім министрі Габриэль Атталь мәлімдеді.


Сыныптарда оқушылардың сыртқы көрінісі бірден дінді байқатпауы керек, - дейді ол.


Франция халқының 5 миллионы - мұсылмандар. Оңшыл саясаткерлер мұсылманша киімге қатысты тыйымды күшейтуді қолдап отырса, солшылдар мұндай заңдар әйелдер мен дін жолындағылардың құқығын таптайды деп есептейді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.