Шенеуніктер патриоттық баннерлерге 78 млн теңге жұмсауды көздеп отыр

153
Мемлекеттік сатып алу порталында Петропавл шенеуніктері патриоттық баннерлерге 78 млн теңгеден астам қаржы жұмсауды жоспарлаған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Порталға жарияланған лот сипаттамасына сүйенсек, жалпы сомасы 78,3 млн теңгеге плакаттар мен билбордтар орнату көзделген. Шенділердің түсіндіруінше, мұндай әлеуметтік жарнаманың негізгі мақсатты: Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан реформаларға халықтың оң және сындарлы көзқарасын, сондай-ақ қазақстандық патриотизмнің азаматтық сезімі негізінде әрбір адамның өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ететін қасиеттерді қалыптастыру.

Лот сипаттамасында "Қазақстандық патриотизм" тіркесі үш рет кездесетінін атап өткен жөн.

Сондай-ақ, баннерлерге миллиондардың жұмсалуын жергілікті шенеуніктер “Қазақстан халқының рухани, тарихи құндылықтарына, оның мәдени мұрасына, қоршаған ортаны, табиғи байлықты қорғауға ұқыпты қарауға тәрбиелеу” мақсатымен түсіндірген.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.