Балабақша бухгалтері 3 жыл бойы ақша жымқырумен айналысқан

1 513

Photo :© Esi GrünhagenМеңгеруші мен бухгалтердің шоттарына заңсыз аударылған қаражаттың жалпы сомасы 42 млн теңгеден асады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 40 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады, деп хабарлады ведомствоның сайты.

Үлкен Нарын ауданының прокуратурасы "Малонарым ауылының балабақша-бөбекжайы" КМҚК-да тексеру жүргізу барысында балабақша бухгалтерінің 3 жыл бойы өзінің және меңгерушінің шотына артық жалақы сомаларын, сондай-ақ салықтар мен міндетті аударымдарды төлеуге арналған қаражатты аударып келгенін анықтаған.

"Ұзақ уақыт бойы тәрбие мекемесінің 18 қызметкері үшін жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар төленбеген", - деп жазылған хабарламада.

Меңгеруші мен бухгалтердің шоттарына заңсыз аударылған қаражаттың жалпы сомасы 42 млн теңгеден асқан. Аталған факті бойынша аудандық прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.