Студенттер қағаз басып шығаратын құрылғы құрастырды

1 509

Фото; Opennews.kz ЖИҚарағанды техникалық университетінің студенттері қағаз басып шығаратын арнайы құрылғы құрастырды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Техника цифрландырылған жүйе арқылы құжатты қабылдап, қағаз бетіне бірнеше секундта шығарады. Студенттер үшін таптырмас жүйе 1 жыл бойы пысықталып, университет қабырғасында сынақтан өтті. Құрылғыны жасап шығару үшін жоба авторлары 4 миллион теңге көлемінде грант жеңіп алған. Қазір 3 құрылғы жұмыс істеп тұр. Бір жылға жуық уақыт ішінде 6000-нан аса адам пайдаланған. Соны техникаға Ресей мен Өзбекстан мамандары қызығушылық танытқан.

2024 жылы фильм қарап жатқан кезде осындай құрылғы бар екенін жалпы көрген болатынбыз. Одан кейін интернетті ақтарып шетелдерде бар екенін көріп, франшизасын алғымыз келді. Бірақ студентке ол өте қымбат болғандықтан осыны өзіміз жасап көрдік. Қазіргі таңда басқа университеттерге, басқа жерлерге көбейту бойынша жұмыстанып жатырмыз, дейді Жәнібек Құлжанов, жоба авторы.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.