Мүгедектерден 1,2 млн теңге пара алған басшы қамауға алынды

1 021
Ақтөбе облысында медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы мүгедектерден пара алу дерегімен ұсталды, деп хабарлады Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті департаментіне қарасты №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Антикордың мәліметінше, күдікті медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту кезінде мүгедектерден мүгедектік мерзімін белгілеу және ұзарту үшін бірнеше рет жалпы сомасы 1 200 000 теңге пара алды деген күдікке ілінген.

Тергеу соты күдіктіні «электрондық білезікті» қолдану арқылы «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасына санкциялады. Аталған дерекке қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.