Айнұр Тұрсынбаева ЛГБТ кинотеатрларда мультфильмдер арқылы насихатталуда деп дабыл қақты

247
Белгілі айтыс ақыны Айнұр Тұрсынбаева ЛГБТ-ны насихаттау мультфильмдер арқылы да жүзеге аса бастады деп дабыл қақты,- деп хабарлайды   Opennews.kz ақпарат агенттігі  Caravan.kz медиа порталына   сілтеме жасап.  
    


"Қазір кинотеатрларда бір жынысты қатынасты насихаттайтын мультфильмдер көрсетілетін болыпты. Бұл деген азғындықты ашық қолдау ғой! Бұл "Овертон терезесі" Бұл қазақты түбімен құрту саясаты! Біз оған жол бермеуіміз керек!

"Бұл жай ғана мультфильм, мұнда тұрған не бар?
дейтіндерге арналған жазба.

ЛГБТ насихаты штаттар әзірлеген бір технология бойынша жүріп жатыр, оны кеше жариялаған болатынмын. Мұның мәні қоғам талаптарын біртіндеп және дәйекті түрде арттыру болып табылады.

Алғашында бұл тек қана “Бізге жәбір көрсетпеңдер! Біз өзімізбен өзіміз өмір сүргіміз келеді, біз ешкімге тиісіп жатқан жоқпыз ғой!” деп басталады. Кейін бұл келесі деңгейге ауысады: “Бізге енді жай “толеранттылық”, (біздің бар екенімізді) “қабылдау” жеткіліксіз! ЛГБТ құндылықтарын насихаттайсың, толық қолдау білдіресің, өйтпесең сен - гомофобсың. ЛГБТ өмір салтын және оны қолдайтын парадтар/мерекелерді теріске шығару - сені жеккөрінішті және соқыр етеді. Ары қарай ең сорақысы: бізге ең құнды - балаларымызды - өңдеу басталады.

Бұл мультфильмдердегі, тик-токтардағы бір жынысты сүйісумен басталады, мектепте секспросвет бағдарламасы енгізіледі, осылайша балаларымыз “жыныс таңдау/сексуалды бағыттану - қалыпты іс, өзіңдікін өзің таңда
", деп жазды өнер иесі