Электр самокаттарды қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтаңыздар!

1 464

Фото: ТДЖҚызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті электросамокаттарды зарядтау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Соңғы уақытта самокаттан шыққан өрт оқиғалары артты. Үй ішінің қауіпсіздігі үшін келесі ережелерді еске саламыз:

  • Зарядтағыш – тек түпнұсқа болу керек!  
  • Жалған құрылғы – батареяның қызып, жарылуына себеп болады.
  • Самокатты қараусыз қалдырмаңыз;
  • Түнде немесе үйде ешкім жоқ кезде зарядтауға болмайды!
  •  Жанғыш заттардың жанында зарядтамаңыз;
  • (төсек, перде, жиһаз қасында қауіпті)
  •  Толық қуатқа жеткізбей тоқтатыңыз;  
  • 100%-ға жеткізбей, қуаттауды өшіріңіз
  •  Ісінген не иісі шыққан батарея – қауіп көзі болып табылатындығын естен шығармайық!
  • Өз үйіңіз бен жақындарыңыздың амандығы өз қолыңызда!  

Қарапайым ережелерді сақтау – үлкен қауіптің алдын алады!