Қызылордалық қария пәтерінде ес-түссіз екі күн жатқан
341
Қызылордада сыртқы есігі құлыптаулы тұрған пәтер ішінде құлап, екі күн бойы тұра алмай жатқан қария құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне 9 тамызда полиция қызметкерінен хабар түскен. Онда Ғ. Мұратбаев көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтер ішінде 65 жастағы қарияның екі күннен бері есік ашпай жатқаны жөнінде айтылған.
«Оқиға орнында жедел құтқару жасағының мамандары шұғыл жұмыстар жүргізді. Төртінші қабаттан құтқару арқанымен түсіп, балкон арқылы пәтер ішіне кірді. Пәтер ішінде құлап, өздігінен тұра алмай жатқан 2-ші топ мүгедегі, 1956 жылы туған әйел азаматшаны құтқарды. Ол Апаттар медициналық орталығының қызметкерлеріне тапсырылып, ауруханаға жеткізілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және аавариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.