Түркия Ауғанстаннан бірде-бір босқын қабылдамайтынын мәлімдеді

420
Түркия Ауғанстаннан бір де бір босқын қабылдамайды. Бұл туралы Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Омер Челик мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Түркия - босқындар лагері емес. Бізде тіпті бір босқынды (Ауғанстаннан) қабылдауға мүмкіндік жоқ. Біз өзіміз шешім қабылдаймыз. Біз шекарамызды өте мұқият қорғаймыз", - деді Челик журналистерге.

Оның айтуынша, Түркия президенті Тайип Ердоған Ауғанстандағы дағдарыстың жан-жақты шешімін табуды жақтайды.

"Ол қарқынды халықаралық дипломатияны жүргізеді - Ауғанстандағы жағдайды Путинмен, Меркельмен талқылады. Біз "Талибанның" басқаруына өткен Ауғанстандағы адам құқықтары тақырыбын мұқият қадағалаймыз (қозғалыс Қазақстанда террористік деп танылған және тыйым салынған - еск). Ауған халқын жалғыз қалдыруға болмайды, қазір нағыз драма болып жатыр", - деді Челик.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.