Ер адам жоғары қабаттан шыққан өртті балконға өрмелеп барып сөндірді

1 436

Фото: Желі кадрларынан скринАлматыда ер адамның төртінші қабатқа өрмелеп шығып, балконда тұтанған өртті сөндірген видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарады,- деп тарады "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алматыда түсірілген ерекше бейнежазба TikTok желісінде кеңінен тарап жатыр. Видеода ер адам көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы балконнан түтін шыққанын байқап, бірден әрекетке көшкен. Ол кәсіби спортшыдай шапшаңдықпен жоғарыға өрмелеп шығып, өрт шыққан жерді анықтаған.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам балконда жанып жатқан заттың айналаға қауіп төндірмейтініне көз жеткізген соң, оны төменге лақтырған. Осылайша, өрт сөндірушілер келгенге дейін жағдайды бақылауға алып үлгерген.

Видео желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік пікірлерде: “Жарайсың!”, “Өрт сөндіру қызметіне жұмысқа алу керек”, “Кинодағыдай болыпты” деген жылы лебіздер жазылған.