Министрлік соңғы қоңырау күнін 25 мамырға қайтару мәселесін қарастырмақ
1 410
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев сарапшылар қауымдастығы соңғы қоңырау күнін 25 мамырда қайтару мүмкіндігін талқылайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Министр қабылданған шешімді бірден өзгерте салу оңай болмайтынын атап өтті.
Ол шешімді сарапшылар қауымдастығы қабылдайтынын, талқылауға ата-аналар да қатысуы мүмкін екенін айтты.
19 қаңтар күні ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектептердегі соңғы қоңырау күні кейінге шегерілгенін мәлімдеді. 2023 жылдан бастап 1 маусымда еліміздің оқушылары Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырау мерекесін атап өтеді.
Министр қабылданған шешімді бірден өзгерте салу оңай болмайтынын атап өтті.
Көптеген ата-ана 25 мамырды қайтаруды ұсынып жатыр. Шешім қабылдап, биыл бірден өзгерту оңай емес. Бұл мұғалімдердің сағаты мен оқу материалының жоспарланған көлемі сияқты алдын ала қабылданған оқу бағдарламаларына әсер етеді. Бірақ, жалпы, мен командама тағы да оқу жөніндегі қауымдастықты жинап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді немесе нақты шешім қабылдауды тапсырдым. Бұл бағыттағы жұмыстар басталып кетті. Бірақ қабылданған шешім биыл іске асырылады, - деді Ғани Бейсембаев.