Экстремистік мазмұндағы материалдарды таратқан қызылордалық сотталды

479
Қызылорда облысында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде экстремистік мазмұндағы материалдарды насихаттаған ер адам 3 жылға сотталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде ел аумағында сотпен тыйым салынған «Хизб-ут-Тахрир» діни экстремистік ұйымын жақтайтын облыс тұрғыны қолға түсті.

Облыстың 40 жастағы тұрғынының әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өзімен сұхбаттасушыларға экстремистік мазмұндағы материалдарды насихаттағаны анықталды. Күдіктінің іс-әрекетінде құқықбұзушылықтың белгілері байқалған.

«Күдіктіге қатысты облыстық Полиция департаменті тарапынан ҚР Қылмыстық кодексі 405-бабының 1-бөлігімен тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілді. Онда қоғамдық немесе дiни бiрлестiкке не өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бола тұра, олардың қызметiн ұйымдастыру жағдайы көрсетілген. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.