Қайта өңдеу компаниясының басшысы Qarmet өнімдерін жымқырды деген күдікке ілінді

1 505

Фото: АлбаСтройДорҚаржы мониторингі агенттігі "Qarmet" құқықтық мирасқоры болып саналатын "АрселорМитталТеміртау" АҚ мүлкін жымқыру фактісі бойынша "АлбаСтройДор" ЖШС директоры Сергей Кимге қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

2015 жылы "АрселорМиттал Темиртау" АҚ мен "АлбаСтройДор" ЖШС арасында қайта өңдеу қалдықтарына билік ету құқығынсыз домна шлагын қайта өңдеу туралы шарт жасалған.

Алайда Сергей Ким өндірістік нысандарға қолжетімділігін пайдалана отырып, зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды жымқыру схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

“Ұрланған мүлікті кедергісіз шығару мақсатында қылмыстық схемаға өзара байланысты "Күзет" ЖШС тартылған, оның қызметкерлері автокөліктердің іс жүзінде бақылаусыз өтуін қамтамасыз еткен. Ұрланған мүлікті Ким өз бақылауындағы "ГлобалСпецТорг" ЖШС және "ЦентрОптСнаб" ЖШС арқылы заңдастырған”, – делінген хабарламада.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден асатын 31 мың тоннадан астам өнім ұрланған. Күдікті Ким 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.