Қызылордада білім бөлімінің қызметкерлері 1,2 млн доллар жымқырған

1 020

Қызылорда облысында аудандық білім бөлімінің басшысы мен бухгалтері 1,2 миллион доллар жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша Жаңақорған аудандық Білім бөлімінің басшысы мен бухгалтеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.


Олар білім беру мекемелерінің қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың есеп-шоттарына еңбекақы түріндегі ақшалай қаражатты аудару арқылы 543 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.


“Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.