Қызылордада сапасыз орнатылған жаңа аялдаманы жел ұшырып әкетті

184
Қызылордада жаңадан орнатылған аялдаманы жел ұшырып әкетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Оқиға
Facebook әлеуметтік желісінде тобында жарияланған.

Топ модераторы Әлия Мұсаеваның айтуынша, жаңа аялдама облыс орталығындағы сол жағалауға орнатылған.

Мердігерлердің сапасыз жұмысы мен тендер өткізу ережелерінің салдары! Қызмет үшін ең төменгі бағаны таңдайды, міне, нәтиже. Адамдардың болмағаны және ешкім зардап шекпегені жақсы болды, - деп жазды ол.

Қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық бөліміндегілер ресми жауапта ауа райының қолайсыздығы себеп болғанын атап өтті.

Облыс орталығының сол жағалауында орналасқан аялдамада ақау болды. "УАД" ЖШС мердігерлік ұйымы кепілдік мерзіміне сәйкес қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жақын арада бұл аялдама толықтай қалпына келтіріліп, нәтижесі қосымша хабарланады, - деді қала әкімдігі өкілдері.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.