Мұнай кен орнында 2 жұмысшы төбелесіп біреуі пышақ жарақатын алды

1 512

Фото: Алтынай Сағындықова/KazinformАқтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылында болған, екі жұмысшы жанжалдасып, бірі екіншісіне пышақ сұғып алған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

Кеңқияқ ауылдық полиция бөлімшесі денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, кәсіпорынның екі қызметкері мас күйінде жанжалдасып, салдарынан бірі екіншісіне пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, медициналық мекемеде ем қабылдап жатыр, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал жәбірленуші ауруханада жатыр.

28-щі сәуір күні сағат 5:00–де Кеңқияқ ауылдық ауруханасына 43 жастағы ер адам жеткізілді. Науқасқа барлық медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі кезде оның жағдайы тұрақты ауыр, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.