Елдегі ереуілдер: 200-ден астам адам ұсталды

278
Ішкі істер министрлігі заңсыз әрекеттердің салдарында 95 полиция қызметкеріне дене жарақаты келтіріліп, 37 қызметтік автокөлік бүлінгенін мәлімдеді деп,- хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық, бұзақылық, мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасаудың 13 дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 200-ден астам адам ұсталды», – дейді құзырлы орыннан.

Азаматтардың жекелеген топтары жолдарды жауып, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығын және елдімекендердің тіршілігін қамтамасыз ету жүйесін бұзып, көлік қозғалысына тосқауыл қойған.

Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында әкімдіктердің әйнектері, есіктер сындырылып, басқа да материалдық залал келтірілген. Алаңға шыққандардың арасында тас пен таяқ газ, бұрыш баллондарын және жанғыш қоспасы бар бөтелкелерді пайдалану жағдайлары болған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.