Украинада елден қашып бара жатқан бүтіндей отбасының өлімі әлемді дүрліктірді
499
Украина тұрғыны Татьяна Перебейнос 9 жастағы қызы Алиса мен 18 жастағы ұлы Никитамен бірге Ирпень қаласынан гумманитарлық эвакуациямен бара жатқан жолда ресейлік артиллерия оғынан қайтыс болды,- деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме беріп.
Отбасының өлімі туралы жергілікті кәсіпкер Микито Микадо әлеуметтік желіде хабарлаған.
“Татьяна Перебейнос Ирпен қаласынан эвакуация кезінде екі баласымен бірге миномет снарядынан қаза тапты. Татьяна IT-стартапта қаржы маманы болған. Мен осы стартапта инвестор едім. Өкінішке қарай, оның отбасы ауруға шалдыққан анасының жағдайына бола Ирпеньнен ертерек кете алмады”, – деп жазды Микадо.
Ол оқырмандарын бейбіт адамдар өлімін болдырмау үшін қолдан келгеннің бәрін істеуге шақырды.
Донецкідегі сеператистерден қашып, отбасы төрт жыл бұрын Украинаның астанасына көшіп келеді. Олар Украинадағы үйлерін салып, балаларымен сонда тұруды жоспарлаған.
Перебейностың әріптестері марқұмның отбасына көңіл айтып, оны “Жарқын, ақылды, алған бетінен қайтпайтын. Барлық командамыз үшін үлкен әпкеміз сияқты болатын деп сипаттады.
Жас отбасының мәйіттері түскен кадрлар бүкіл әлемді шошытты. Халық Владимир Путиннің “гуманитарлық дәліздері” құр бос сөз деген тұжырымға келген сыңайлы.
Оқиға болған күні Татьяна мен екі баласы отбасылық достарының көмегімен қаладағы көпірден өтіп, Киевтегі қауіпті көшемен “гуманитарлық эвакуация” аясында өткен екен.
Жантүршігерлік кадрлар Ресей әскері халық көп тұратын аудандарға шабуыл жасағанын растағандай.
Желіде таралған фотода Татьяна мен оның екі баласының жансыз денесі жерде жатқанын көруге болады.