Аружан Сайын мен Artsport платформасы 8 млрд теңге жымқырған деген күдікке ілінді
1 281
Балалар омбудсмені Аружан Сайын мен Artsport платформасы дауға ілінді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
"Рухани болашақ" қауымдастығының төрағасы Ләйлә Әбдірахманованың сөзінше, платформа о бастан заңсыз әрекет етіп, сол арқылы 8 млрд теңге жымқырылған.
Төрағаның айтуынша, балалар омбудсмені Аружан Сайын, Мәжіліс депутаттығына кандидат Қуат Ерғалиев, цифрландыру министрлігінің қызметкері Әсел Молдабекова жағдайды өз мүддесіне пайдалануға ынталы.
Әбдірахманова Бас прокуратураның деректерін алға тартып, artsport.edu.kz платформасында балалар мен ата-аналардың жалған деректері қолданылатынын, соның көмегімен ақша ұрланатынын айтты.
Ол платформада ЭЦҚ арқылы қол қою функциясының болмауы да заңға қайшы екенін атап өтті.
Сонымен қатар, ақпараттық қауіпсіздік туралы сертификатының жоқтығына, яғни мемлекеттік ақшаны басқару құқығының болмауына қарамастан, жеткізушілердің қызметтері платформа арқылы төленген.
Әбдірахманованың айтуынша, платформаның бәсекелестерінің "тең күреске" мүмкіндігі де жоқ – оларды цифрландыру министрлігінің шенеуніктері жеткізушілерге тек artsport.edu.kz арқылы ақша төлеу үшін бұғаттайды.
"Рухани Болашақ" қауымдастығының төрағасы Аружан Сайын бағдарлама авторларының мүдделерін қолдайтынына сенімді.
Өз үндеуінде Әбдірахманова президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан аталған тұлғалардың қызметін және платформа жұмысының барлық кезеңінде Artsport мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланудың заңдылығын, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі сертификатты тексеруді сұрады.