Балаға қол көтерген тәрбиеші үстінен іс қозғалды
355
Павлодар полициясы мамандандырылған балабақшада балаға қол көтеру ісін тексерді, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерді мониторинг жүргізу кезінде @maruv_blago Instagram парақшасында Павлодар тұрғынының өтініші анықталды. Оның айтуынша, 18 қазан Павлодар қаласының мамандандырылған балабақшасында тәрбиеші кәмелетке толмаған ұлына дене жарақатын салған.
Полиция аталған факті бойынша тексеру жүргізді. Павлодар қаласының Урицкий көшесінде орналасқан №52 балабақшаның тәрбиешісі 2017 жылы туған балаға дене жарақатын салғаны анықталды.
Бұл факт бойынша сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, оның қорытындысы бойынша – “балаға түскен дене жарақаттары денсаулыққа жеңіл зиян келтірумен сәйкес келеді”.
Осыған байланысты балабақшаның 30 жастағы тәрбиешісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 73-1-бабы 1-бөлігінің бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотта қаралады. Полицияға баланың бір ғана заңды өкілі өтініш білдірген.
Сондай-ақ тексеру нәтижелері осы мектепке дейінгі мекеменің қызметкері мен басшысына қатысты тәртіптік ықпал ету шараларын қабылдау үшін облыстық білім басқармасына жіберілетін болады.