Нұр-Сұлтанда жұмысшылар жаппай төбелес шығарды

335
Нұр-Сұлтандағы құрылыс алаңында жұмысшылар төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық полиция баспасөз қызметі мәліметінше, төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде анықталған.

"Оқиға 6 тамызда күндіз Қалдаяқова көшесіндегі құрылыс алаңында болғаны анықталды. Құрылысшылар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан", - деді Нұр-Сұлтан ПД өкілі.

Құқық қорғау органдары мәліметінше, оқиғаның барлық қатысушысы анықталып, тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілген. Оқиға болған сәтте 102 нөмірі бойынша шақырту түскен жоқ.

Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.