Имам садақадан түскен ақшаға қымбат көлік сатып алған

1 715

Фото: видеодан кадрӘлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Міне, көріңіздер, мешітке берген пітір садақа, баска садақалар, қай жаққа кетіп жатыр. Жетімдерге емес, мүгедектерге емес, қиналып жатқан жанұяларға емес, су тасқынынан зардап шеккендерге емес. Семіргеннен соңғы үлгідегі шыққан Lexus көлігін алып жатыр. Көліктің VIP нөмірі 5000 доллар турады дейді. Бұлар да шенеуніктердің бір түрі ғой. Пітір садақаны лажы болса баласы көп, қаңтарда зардап шеккен, жағдайы жоқ жанұяларға, ауырып жатқан емге ақша жетпей жатқан азаматтарға берген қабыл болады, таза ниетімен 50- 100 теңге болса да", - деп жазды ол.


ҚМДБ видеодағы дін қызметкерінің «әл-Әділ» мешітінің имамы екенін растады. Алайда аталған қымбат көліктің дін қызметкерінікі еместігін мәлімдеді.


«Рамазан айында көптеген қазақстандық мешіттерде қайырымдылық шараларын өткізеді. Бейнежазбада көрсетілген көлік келушілердің біріне тиесілі», — деді басқарма.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.