Сүйіктісінен үйлену туралы ұсыныс алған бойжеткен комадан "оянып" кетті
298
Лондон тұрғыны Кристин Смит сүйіктісі Марк Сквайрс өзіне үйлену туралы ұсыныс жасағанда комадан оянып кетіп көпті таңырқатты.
Белгілі болғандай 36 жастағы британ азаматшысы Кристин Смит коронавирусқа шалдығып, Мидлсбродағы Джеймс Кук атындағы университет ауруханасының реанимиция бөліміне түскен.
Дәрігерлер тіпті Кристиннің жақындарына оның жағдайы мүшкіл екенін, қаралы хабарға дайын болу керектігін айтқан.
Сүйіктісінің ауруханаға түсіп қалғанын естіген Марк Сквайрс да ауруханаға келіп жеткен. Ол ауруханаға келісімен сүйіктісі өзін естиді деген үмітпен, онымен бірден тілдесе бастаған. Алайда бұл әрекетінен ештеңе шықпаған, комада жатқан Кристин өз-өзіне келе алмаған.
Десе де ер адам өз дегенінен қайтпай, соңғы мүмкіндігін пайдалануды жөн көрген. Ол комада жатқан сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасаған.
Бір қызығы ер адамның бұл сөзінен соң Кристин өз-өзіне келіп, комадан оянған. Ол дәрігерлерден анасына хабарласып, өзінің тұрмыс құратыны жайлы сүйінші хабарды жеткізуді сұраған.
Өкініштісі Кристин бұл уақытта да өзімен не болғанын, аптаның қай күні екенін есіне түсіре алмаған.
Бүгінде Кристин жазылып, ауруханадан шыққан. Енді жақындары олардың үйлену тойына дайындалып жатқан көрінеді.