Депутат көпбалалы аналарға "идите в задницу" деп балағаттады (ВИДЕО)
846

Ғабит Сатмағамбетовтың айтуынша, ол мәслихат отырысына асығып бара жатқан. Осы уақытта әкімдік холлында бірнеше көп балалы аналар тұрды.
- Міне, бізден тағы бір депутат қашып кетті. Мұнда келіңіз, өзін бұлай ұстауға бола ма, – деп әйелдер айқайлайды дейді депутат.
Сатмағамбетов көп балалы аналарды оған айқайламауды өтінген.
- "Идите в задницу", - деп айқайлады ол.
Депутаттың айтуынша, соңғы уақытта отырыстардан кейін оған шабуылдайтын адамдар пайда болған.
- Арандататуға мүлдем төзбеймін. Тіл тигізіп жатса тіптен. Ондай әрекетке дәл солай жауап беремін. Есі дұрыс адам табылдырықтан аттамай жатып, жала жауып, қоқан-лоқы көрсетіп, қарғыс айтып жатқандарға қалай жауап беруі керек?,- деп жазды ол.
Сатмағамбетов бұл оқиғадан соң өз ұстанымын өзгертетінін мәлімдеді.
- Мен, Ғабит Сатмағамбетов, қайырымдылық қорының иесі ретінде, көп балалы аналарға қатысты қандай да бір қайырымдылық көмекті тоқтатамын. Маған осындай қарым-қатынастан кейін, мен жасаған барлық әрекеттерден кейін, менде көмектесуге деген ықылас жоқ, - деп қосты ол.
Сатмағамбетов 2021 жылғы қаңтарда мәслихаттың жетінші шақырылымының депутаты болды. Ол Нұр-сұлтан мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және ТКШ мәселелері жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары.