ҚЫЗЫЛОРДАДА КӘРІЗ СТАНЦИЯСЫНДА ЕКІ ЖҰМЫСШЫ ҚАЗА БОЛДЫ

413

Фото: polisia.kzҚызылордада кәріз насос станциясында метанға уланып қалған екі жұмысшы көз жұмды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 Түнгі уақытта кәріз насос станциясының ішіндегі тереңдігі – 3 метр болатын лас суда екі азаматтың денесі қалқып жатқандығы туралы хабарлама Төтенше жағдайлар департаментіне келген. Ал құтқарушылар мәйіттерді тек бір сағаттан кейін алып шыққан.


 Сол мекемеде жұмыс істейтін Серік Оспанов пен Жолдасбек Ерубаевтың қаза тапқаны анықталды. 


Түнгі сағат 02:00 шамасында бір кісінің денесін алып шықса, екінші қызметкерлердің денесін 6 минуттан кейін алып шықтық, — деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі.

 
Айта кетсек, «Қызылорда Су жүйесі» мекемесі, қала әкімдігіне қарайды. Ал, марқұм болған жұмысшылар кешкі уақытта станцияда кезекшілікке түскені белгілі болды.