Теміржол аумағында мектеп оқушысы электр тоғына түсті
Жасөспірім достарымен бірге Рудный қаласынан Қостанайға келген.Қостанайда теміржол аумағында мектеп оқушысын ток соғып, ауыр электр жарақатын алды. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 2013 жылы туған жасөспірім достарымен бірге Рудный қаласынан Қостанайға келген.
Мәлімет бойынша, кәмелетке толмағандар теміржол жолының аумағында болған. Сол жерде оқушыны ток соққан.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен баланың жағдайы ауыр екенін растады.
Қаз
Рус






