Дәрігердің қателігінен нәресте қолынан айырылды
258
Нәресте қолының кесілуіне Оралдағы облыстық аурухананың перинаталдық орталығындағы медицина қызметкерлері кінәлі, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
25 тамызда Әжғалиевтер отбасында салмағы 660 грамм, бойы 30 сантиметр болатын шала туған нәресте дүниеге келген. Ол салмақ жинау үшін облыстық аурухананың перинаталдық орталығының жансақтау бөлімінде кувезге жатқызылады.
Ата-анасы сәбиінің есімін Рамазан деп қойған. Уақыт өте Рамазан салмақ жинап, қыркүйекте 800 граммға жеткен.
Анасының шағымынан кейін дәрігерлер бірден баланың қолындағы кататерді алып тастаған. Алайда гематома салдарынан оның қолы қарая бастаған. Үш күннен кейін зерттеу жүргізіліп, дәрігерлер кеңесі жиналып, нәрестені Астанаға Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына жеткізуге шешім қабылдаған.
Сол жерде Рамазанның қолына ампутация жасалған, яғни кесіп алынған.
Рамазанның ата-анасы перинаталдық орталық қызметкерлері кататерді дұрыс қоймағандықтан баласы мүгедек болды деп санайды.
Сараптама комиссиясы Әжғалиевтердің шағымын ішінара дәлелді деп таныған.
"Балада веноз және артериаль тромбоздың даму қаупі жоғары болған. Оған қарамастан диагноз қою, консультативтік-диагностикалық шаралар уақытылы орындалмаған", - делінген комиссияның қорытындысында.
Сараптама қорытындысы Орал қаласының прокуратурасына жолданған. Ал денсаулық сақтау басқармасы перинаталдық орталық әкімшілігіне "экономикалық шара" қолдануды ұсынған.
Алайда әлі күнге дейін медицина мекемесінің бірде-бір қызметкері жұмыстан босатылмаған.

15 қыркүйекте әйелім әдеттегідей баланы тамақтандыру үшін жансақтау бөліміне барады. Ол Рамазанның катетер тұрған оң қолының ерекше суық екенін және қарайып тұрғанын байқап бірден медбикеге жүгінген, - дейді баланың әкесі Бақтыбай Әжғалиев.