Қазақстанда уақыт белдеуінің ауысуы: Зерттеу қорытындысы жарияланды
Қазақстан үкіметі елдегі бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты зерттеудің қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жұмыс барысында деректерді зерттеу, сауалнама нәтижелері және бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқанға дейінгі және кейінгі көрсеткіштерді салыстыруды қамтитын кешенді тәсіл қолданылды. Зерттеу жүргізу әдістемесі бірыңғай уақыт белдеуін енгізудің халық денсаулығына, энергия тұтынуға, еңбек тиімділігіне, оқушылардың үлгеріміне, жол-көлі оқиғалары деңгейіне, қылмысқа және басқа да аспектілерге әсерін бағалау бойынша 40-тан астам метрика мен көрсеткіштерді қамтиды.
Оның сөзінше, зерттеу қорытындысы уақыт белдеуінің ауысуы тұрғындардың өміріне кері әсер етпегенін көрсеткен.