Биыл қалада ауқымды жобалар жүзеге асады
Биылға бекітілген қала бюджеті 58,2 миллиард теңге болса, қазіргі таңда бұл қаражат 72,6 миллиард теңгеге нақтыланған, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қала әкімі Серік Қожаниязов қоғамдық кеңес алдындағы есеп беру кездесуінде айтты.
Шаһар басшысы қала бюджетіне республикалық және облыстық бюджеттен 31,9 миллиард теңге трансферт бөлініп, 92 жоба жүзеге асырылатын болады деді.
Атап айтқанда, өткен жылы құрылысы басталған Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігінде 7 қабатты 84 пәтерлі ипотекалық 6 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 1,7 миллиард теңге қаралған.
«Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту» бағдарламасы аясында ұзындығы 18,7 шақырымды құрайтын 4 жоба жүзеге асырылады. Оған Ұлттық қордан 892,4 миллион теңге және облыстық бюджеттен 163,3 миллион теңге, жалпы сомасы 1 миллиард теңге бөлінген.
«Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау және дамыту» бағдарламасы бойынша құны 6,2 миллиард теңгені құрайтын 19 жобаның жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары жыл аяғына дейін аяқталып, іске қосылатын болады.
Биыл осал топтағы отбасыларына 200 пәтер және 135 пәтер жалғыз баспанасы апатты деп танылған тұрғындарға сатып алуға 4,2 миллиард теңге бөлінді (1 пәтерге 12 713 мың теңге). Республикалық бюджеттен қосымша құны 10 миллиард теңгені құрайтын 800 пәтерді сатып алуға бюджеттік өтінім ұсынылған.
Қаланы абаттандыру және көгалдандыру бағытында 7,5 миллиард теңге қаралды. Оның 1 миллиард, 135,1 миллион теңгесі Ұлттық қордан бөлінсе, облыстық бюджеттен - 4 милилард 507,5 миллион теңге, жергілікті бюджеттен – 1 миллиард 894,9 миллион теңге қаралған.
Биыл қаланы көгалдандыру жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында жаңадан құрылған «Жасыл Қызылорда» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс істейтін болады. Мекемеге 2024 жылға жалпы жергілікті бюджеттен
702,2 милилон теңге қаржы қаралған. Бүгінгі таңда, мекеме тарапынан әуежай бойында орналасқан «Табиғат», «Жібек жолы» және Қызылжарма каналдарын тазалау жұмыстары жүргізіліп, арықтар мен каналдарға аяқ су жіберілуде.
Соынмен қатар, қала аумағындағы 10 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы балалар ойын алаңдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 375,4 миллион теңге қаралды. Жоба құны 510 миллион теңге, жауапты мердігер «Авангард ПГС» ЖШСмекемесі.
Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен бөлінген 686,7 миллион теңгеге қосымша 15 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы балалар ойын алаңдары қайта жаңғыртылатын болады. Бұл жобаның құны 1,1 миллиард теңге, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылуда.
Облыстық бюджеттен бөлінген 140,3 миллион теңгеге 4 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекетттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылуда. Жоба құны 215,8 миллион теңгені құрайды.
Сонымен қатар, Қожа Ахмет Яссауи көшесін абаттандыруда жоспарға енген. Оған облыстық бюджеттен 72,5 миллион теңге қаралған. Ал жоба құны 725 миллион теңге.
Сонымен қатар, облыстық медициналық орталығы алдындағы скверді абаттандыру үшін облыстық бюджеттен 262,9 миллион теңге бөлінді. Оған «Дарен Строй» ЖШСмердігер мекемесі жауапты болмақ.
Қазіргі заман талабына сай 10 аялдама салу үшін де жергілікті бюджеттен 52,5 миллион теңге қаралып отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылуда.
Көшені жарықтандыру мәселесін шешуде қала бойынша 54 көшеге жарық бағаналарын орнату үшін республикалық бюджеттен 1,3 миллиард теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары сәуір айында басталады деп жоспарлануда. Оған «Энерго-Мера», «Энергиянұр», «Айсұлтан компания» ЖШС медірге мекемесі жауапты.
Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолын салу ісі биылда жалғасады. Оған облыстық бюджеттен бөлінген 1,8 миллиард теңгеге жалпы ұзындығы 48 шақырым болатын қаланың 40 көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарланған. Бұдан бөлек, М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледж маңынан жаңа сквер құрылысын салу жоспарланған.
Көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 925,9 милилон теңге бөлінген. Қала аумағында орналасқан 21 көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу (модернизация) жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 1,9 милилард теңге бөлініп, бүгінгі таңда мердігер мекемелерді анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылуда.
Қала аумағында орналасқан ғимараттардың қасбеттерін бірыңғай сәулет стилі (Дизайн код) әзірленіп, қызыл сызық талаптарын сақтау бағытында көше-жол желісіне түзетулер енгізілетін болады. Осылайша, қаламыздың көшелерінің сәулеті бірыңғай үлгісі жолға қойылып, ондағы әлеуметтік нысандар мен ғимараттардың сыртқы қасбеті, оның түсі, сондай-ақ көше бойындағы жарықшамдар, жерге төселетін қыртастар (брусчатка) пішіні және тағы басқа архитектуралық формалар бір стильде қалыптастырылады деп жоспарлануда. Мұны жүзеге асыру үшін жоба құны100,3 миллион теңгені құрап отыр.
Ал жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында бюджеттің барлық көздерінен 6 миллиард теңге қаралды. Оған құны 192,8 миллион теңгеге «Тәуелсіздікке 25 жыл» даңғылының бойында «Қызылжарма» каналы арқылы өтетін автожол көпірі салынатын болады. Аталған жоба құны 428,3 миллион теңгені құрайды.
Қазіргі таңда, мердігер мекеме ретінде «Сервис НС» ЖШС белгіленіп, жақын күндері құрылыс-монтаж жұмыстары бастау алатын болады.