Қазақстанда екі адам шошқа тұмауына шалдықты
Еліміздің солтүстігінде екі адамнан шошқа тұмауы анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Инфекция жұқтырғандардың бірі мектеп оқушысы болса, екіншісі – әскери қызметкер. Дәрігерлер науқастардың жағдайы тұрақты деп отыр.
Бұл инфекция үй құстары мен шошқадан жұғады. Ал адамнан адамға ауа арқылы таралады. "АШ1ЭН1" вирусына шалдыққан адамның басы мен бұлшық еті ауырады. Науқасты құрғақ жөтел қысып, дене қызуы көтеріледі. Дәрігерлер аталған белгілер байқалған болса бірден емханаға жүгінуге кеңес береді.
Қаз
Рус






