Нұр-Сұлтанда әдепсіз әрекеті үшін жұмыстан босатылған мұғалім жұмысына қайта оралды

353
Нұр-Сұлтанда оқу орындарының бірінде әдепсіз әрекеті үшін жұмыстан босатылған мұғалім сот шешімімен бұрынғы қызметіне қайта алынды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Skif News сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Нұр-Сұлтанның Алматы аудандық соты хабарлады.

Сотта анықталғандай, жұмыс беруші мұғалімге еңбек шартын бұзу туралы ескерту хатын жібермей, еңбек заңнамасын бұзған.

Азаматша М., директор өз балаларына және мектеп оқушыларына физикалық және психикалық қысым көрсететіні туралы сыбыс таратқан. Сол үшін мұғалім жауапқа тартылған. Бұл туралы директор мұғалімнің жұбайынан білген.

«Бұл ақпараттың шынайылығы анықталмады. Алматы аудандық сотының шешімімен жұмыстан босату туралы бұйрық заңсыз деп танылып, күші жойылды. Педагог жұмысына қайтарылып, үш айлық жалақысы өндірілді. Шешім заңды күшіне енді»,- деді сот.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.