2025 жылға дейін халықты отандық азық-түлікпен 100% қамтамасыз етеміз – Тоғжанов
285
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов алдағы үш жылда Қазақстан отандық азық-түлікпен өзін жүз пайыз қамтамасыз ететінін айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында вице-премьер импортталған азық-түлік тауарларын 100% отандық өніммен алмастыру жобасы туралы айтты.
"Бүгінгі күні біз отандық өніммен өзімізді 80 пайызға қамтамасыз етіп отырмыз. Тек 20 пайызын сырттан әкелуге мәжбүрміз. Сондықтан осы бағдарлама аясында 2025 жылға дейін импортталатын азық-түліктің 6 түрін толықтай жабуға мүмкіндік болады. Қантты ғана 80 пайыз деңгейінде қамтамасыз етеді. Қалғаны 100 пайыз отандық өнім болады", - деді Тоғжанов.
Оның айтуынша, импортқа тәуелділікті жою үшін 900 инветисциялық жоба жүзеге асырылады.
2022-2025 жылдары ауыл шаруашылығы саласына 650 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. 13 мың тұрақты және уақытша жұмыс орны ашылады.
Айта кетері, бүгінде Қазақстан азық-түліктің 6 түрі бойынша импортқа тәуелді. Олар: алма, шұжық, ірімшік, қант, құс еті және балық.